Берік Қамалиев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық портады primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмаларының уақытында орындалмағаны үшін ҚР Үкіметінің Қаулысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.Айта кетейік, Берік Қамалиев индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып 2019 жылы наурызда тағайындалған еді. Ол әр жылдары ҚР премьер-министрінің кеңесшісі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің көлік және инфрақұрылым даму комитетінің төрағасы қызметінде болған. 2010 жылдың сәуір айынан бастап 2011 жылдың сәуір айына дейін Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болды. Кейіннен ҚР Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды. Сонымен қатар, Берік Қамалиев "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқармасының төрағасы қызметінде болған.
“Адырна” ұлттық порталы
Новости по теме
114 выпускников первого потока социального проекта «Табысты отбасы»получили сертификаты об окончании обучения
