Home » Жаңалықтар » Ресей орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісімнен шығады деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісімнен шығады деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.

 

“Біз енді былай жасаймыз. Оларға дәл өздері сияқты жауап береміз. Америкалық әріптестер келісімнен шығатынын жариялады, біз де солай істейміз” деді Путин сыртқы істер министрі Сергей Лавров және қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуде.

Президент сонымен бірге екі ведомстводан бұдан былай АҚШ-пен қарусыздануға қатысты келіссөз жүргізу туралы бастама көтермеуін сұраған. Бірақ Ресейдің ұсыныстары өз күшінде қалады деп айтқан.

“Бұл салада барлық ұсыныстарымыз бұрынғыдай күшінде қалады, келіссөзге ашықпыз” деді Путин.

Жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамп 2 ақпаннан бастап АҚШ келісімге қатысты міндеттемелерін орындауды тоқтатады және келісімнен шығу процедурасын бастайды деп мәлімдеген.

Мемлекет хатшысы Майк Помпео АҚШ-тың алты айдан соң келісімнен мүлдем шығатынын, бірақ Ресеймен қарулануды бақылау жөнінде келіссөз жүргізуге әзір екенін жеткізген.

АҚШ мұндай шешім қабылдардан бұрын келісім шарттарын орындау мәселесін Ресеймен ұзақ талқылаған. Екі ел өкілдері соңғы рет 31 қаңтар күні Пекинде кездесіп, тіл табыса алмаған.

БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гуттериш Мәскеу мен Вашингтон жарты жыл ішінде жаңа келісім бекітеді деп үміттенетінін айтты.

1987 жылы АҚШ пен Совет Одағының басшылары қол қойған “Орта және қысқа қашықтыққа арналған ядролық зымырандарды жою” келісімі Еуропа мен өзге де аймақтағы бейбітшіліктің кепілі ретінде қабылданып келген. Бірақ соңғы уақытта Вашингтон мен Мәскеу бұл құжатқа қатысты келіспей қалып жүрген.

АҚШ пен НАТО 9M729 атты ядролық қанатты зымыран жасау арқылы Ресей тарихи келісімді бұзды деп айыптаған. Ал Ресей “бұл зымыранның ұшу алыстығы 500-ден аспайды, сәйкесінше келісім шарттарын бұзған жоқпыз” деген.

“Азаттық” радиосы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Таразда Әнұранды бір мезетте 6 мыңнан астам адам орындады

Маусым айының төртінші жұлдызында Тараздық жастар Мемлекеттік рәміздер күні авто және мотошеру өткізді.  Олар Қазақстан ...