Home » Author Archives: admin (page 402)

Author Archives: admin

Ғарифолла Құрманғалиевтың өмірбаяны: өскен ортасы, оның тәрбиелік ықпалы

Ғарифолла  Құрманғалиевтыңорындаушылық  мәнері – этностық  мәденигенофондымызға  қосылған дәстүрліәншілік  мектептің озық  үлгісінің  біріекені  белгілі. Алайда тарихы, бітім-болмысы әлі де жан-жақты зерттелуі, бір жүйеге түсірілуі керек. Өнертану ғылымы үшін сөзсіз үлкен пайда. Кейінгі зерттеушілерге бағыт-бағдар, нұсқа-жол болатыны және анық. Біз де Ғарифолла ата Құрманғалиевқа қатысты тікелей өзіміз куә болған жайттарды,жинақтаған деректерімізді шама-шарқымызша саралап, сұрыптап ұстаз өнернамасына бойлауды жөн санадық. Нәтижесінде «Ғарифола сал» атты деректі хикаят, «Халық композиторы, ақын Мұхит сал ...

Read More »

«Аранжанның шалқымасы»

«Аранжанның шалқымасы» болса, Аранжан батырдың жауды жеңіп келе жатқандағы көңіл-күйіне арналыпты…». А.Сейдімбек.  («Қазақтың күй өнері». 426-бет). Абылдың бұл күйі кейбір жазбаларда «Әрен­жанның шалқымасы» деп аталған. Ал не­гізінде, дұрысы, Маңғыстау шежірелерінде – «Аранжанның шалқымасы» деп айтылады. Біздің қариялардың айтуынша, күйдің та­рихы былай болып келеді. Күннің суытқан күз, қыс айларында Маң­­­ғыстау ойында болып, алты ай жазда Ой­мауыт – Желтау барып, Жем жағалап ...

Read More »

Седат СОЛАҚОҒҰЛЫ, Түркиядағы Қазақ қоғамы домбыра үйірмесінің мұғалімі: ТҮРКИЯДА ДОМБЫРА «МОДАҒА» АЙНАЛДЫ

Түркия көшелерінде келе жатып домбыра туралы ән естісеңіз қайран қалмаңыз. Өйткені домбыра әні – түрік еліндегі басты партияның ұраны болды.  Нақтырақ айтсақ, ноғай әншісі Арсыланбек Сұлтанбековтың «Домбыра» әні. Ноғай тілі мен қазақ тілінде айырмашылық жоққа тән емес пе? Түркиядағы қазақтар Арсыланбектің орындауындағы әнді қайта-қайта тыңдаудан еш жалығар емес. Ал түрікше аударылған нұсқасын түбі бір түркі ағайындарымыз саяси науқан тұсында елдік ...

Read More »

Әншілер арғымаққа мінгізді

«Адырна» қоғамдық бірлестігі бас болып «Дүлдүл ән мен пырақ күй» концертін өткізді. Қазақ музыкасының жауһары – дәстүрлі әндері мен құдіретті күйлері Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында күмбірлеп, көпшіліктің құлақ құрышын қандырды. Төл мұрамыздың жоқтаушысы да, насихаттаушысы да болып жүрген дәстүрлі әншілер сахнаны сағынып қалса керек, кешегі өткен сал-серілердің жылқы жүйрікке арнап шығарған туындыларын шырқады. Кешті Ербол Біләлов Жамбылдың ...

Read More »

Қымызды – Германиядан, қазыны Канададан таситын күйге түскеніміз бе?

Күні кеше Канаданың азық-түлік инспекциясының  директоры Луиза Карьер Кеден одағы елдеріне жылқы етін тасымалдауға ықыласты екендіктерін жеткізді. Қазірде бұл ұсынысқа бірінші болып Қазақстан тарабының қызығушылық танытып отырғаны белгілі болды. Сол-ақ екен, еліміздегі біраз қауым «Қазақтың дастарқанынан канадалық жылқы еті орын алса, өз өніміміз өгейсіп қалады» деп өрекпіп отыр. Жалпы дерекке жүгінсек, бүгінде біздің елімізде 1,5 млн бас жылқы бар. Жан басына ...

Read More »

Аңшылық ұмыт қалды, амал бар ма, Қансонарда джиппенен шығады аңға…

Ит жүгіртіп, құс салған Алаш баласы бүгінде ата-бабадан еншілеп алған аңшылық дәстүрінен ажырап қалғандай. Cебебі қазіргі таңда  қыл құйрықты Қамбар атаның түлігін ерттеп мініп, тазы итін ертіп, қолына қыран қондырған қайырымды аңшыны шырақ алып іздесең де таба алмайтын деңгейге жеттік. Есесіне, «заманауи аңшылар» қатары көбейіп келеді бұл күні.Жалпы, аңшылық дәстүрі адамзат баласы пайда болған сонау ғасырлар қойнауында-ақ пайда болғаны рас. ...

Read More »

Қыран бүркіт неге азайып барады?

Көгімізде қалықтаған бүркіт біздің қазаққа ежелден етене құстардың біріне айналған. Көне заманнан саятшылық өнерді жанына серік еткен бабалар оны бағалай білді. Айналаны ақ ұлпа қар жамылған уақытты қазекем қансонар дейді. Дәл осы шақта жүгірген аңға бүркіт салу адамға ерекше әсер етері даусыз. Дейміз-ау… Осындай көңілге көрікті ойды қонақ етер көріністің қазір өткен шаққа айналғаны өкінішті-ақ. Бүгінде саятшылық өнерді шағын ғана ...

Read More »

Қазақы төбетті сақтап қала алмау – қазаққа сын

«Ит – жеті қазынаның бірі», «Ит – адамның досы» деп жиі айтып жатамыз. Ал осы иттің бүгінгі жағдайы мен жай-күйі, дәлірек айтсақ, өзіміздің қазақы төбеттер мен құмай тазылардың тұқымы жайлы ойланып көрдік пе? Жай шолып қарағанда аса толғандырарлық маңызды тақырып болмағанымен, бүгінге бұл мәселе қазақ қоғамын қатты алаңдатуы тиіс десек, қателеспеген болар едік. Олай дейтін себебіміз – қазіргі тұста қазақ­тың ...

Read More »

Жылқы десе жүгенін ала жүгіретін қазақ қазір ер-тұрманның қайда қалғанын да ұмытты

Бір кездері ойшыл ба­ба­мыз Ғұмар Қараш: «Мал бағу үшін кең-байтақ жер ке­­рек», – де­ген екен. Аллаға шү­кір, Алтайдан Атырауға дейін ұшы-қиырсыз сайын дала со­зылып жатыр. Бірақ сол даланы төрт түлікке тол­ты­рып, үріп ішіп, шайқап тө­гіп, рахатын көріп отырған қа­­зақтың саны аз. Сиыр мен қойды былай қояйық, тұл­пар­ды таңдап, сәйгүлікті сәндеп мінген қазақ қазір жылқы десе жүгенін ала жүгірмейтін халде. Ала ...

Read More »