Home » Author Archives: admin (page 2)

Author Archives: admin

21 мың теңге бермегені үшін екі баласын әкімдікке тастап кетті

Келіншек әкім орынбасарынан әлеуметтік көмектің екінші тоқсанына құжаттарын тезірек өткізіп беруін өтінген  Жалғызбасты ана екі баласын Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігіне тастап кетті. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген әкім орынбасары Нұрлан Тілеш оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді. “Бұл оқиға өткен аптада жұма күні болған. Түскі асқа шығып бара жатқанымда ол келіншек төменде қабылдауда отырды. Қолында емізулі нәрестесі, қасында тағы екі кішкентай баласы болды. ...

Read More »

«Қазақ футболы цирк, біздің оған қатысқымыз келмейді»

«Тараз» футбол клубының бас бапкері Вахид Масудов қазақ футболы спорт емес циркке ұқсайды деп мәлімдеді. Қазақстан премьер-лигасының 18-туры аясында өткен «Оқжетпес» – «Тараз» ойынынан кейін бас бапкер Вахид Масудов төрешілікке қаратып сын пікір айтты. – Бұл футбол емес, нағыз цирк. Біздің ойыншылар да осы көріністің ішіне кіріп кеткеніне өкінемін. Төрешілік тарапына талай мәрте сын айттық. Ешетеңе де өтпей жатыр. Бұл ...

Read More »

Көкшетаудағы 89 көшенің атауы латын әліпбиіне ауыстырылды

Ақмола облысының орталығында 400-ге жуық көше бар. Соның 206-сы қазақ тілінде жазылған, – деп хабарлайды “Хабар 24”. Бұл туралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі хабарлады. Жыл басынан бері мамандар қала тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Арнайы сенім телефоны да іске қосылған. Оған 500-ден аса адам қоңырау шалып, консультациялық көмек алыпты. Халық көп шоғырланған жерлерде латын әліпбиіне қатысты іс шаралар ...

Read More »

Nur Otan партиясының экс-хатшысы жаңа лауазымға ие болды

Nur Otan партиясының экс-хатшысы Тамара Дүйсенова жаңа лауазымға ие болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тамара Дүйсенова “Еңбек ресурстарын дамыту орталығының” (ЕРДО) президенті болып тағайындалды. 15 шілдеде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев “Еңбек ресурстарын дамыту орталығы” АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Орталықтың бұрынғы басшысы Ербол Оспанов “ЕРДО” ...

Read More »

Әбубәкір ҚАЙРАН: Көзінен орыстың да сор ағады…

Алаш Орда Қашаннан қазақ халқы нұрға құштар, Шақырған тым алыстан бір жарық бар. Алашты ел қылам деп ерлер шықты – Әлихан, Ахмет пен Міржақыптар. Ел десе кеудесінен күй ағылар, Белсеніп шықты не бір зиялылар. Бастаудан басталатын бұлақтардың Өміршең өзендерге құяры бар. Үзсем деп үстемдіктің шынжырларын, Арнады алашына мұң жырларын. Қозғалыс баспасөзсіз болмайды деп, Шығарды «Айқап» деген бір журналын. Газеттер – ...

Read More »

Шетелдіктер мен қазақстандықтардың жалақысы әділ берілуі керек – Президент

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғауға көңіл бөлуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Биыл 4 маусымда Атырау қаласында бірдей еңбек ететін жергілікті және шетелдік жұмысшылардың жалақысын әділ беруді тапсырған болатынмын. Үкіметке бұл мәселені соңына дейін анықтауды тапсырамын. Асқар Ұзақбайұлы (Мамин – ред.), еңбек жағдайы, жұмысшылардың жалақысы бойынша егжей-тегжейлі сараптама жасауыңызды сұраймын. Егер инвесторлармен келісімшартқа өзгеріс енгізу қажет болса, ...

Read More »

Тоқаев: Теңіздегі оқиға бәрімізге сабақ болды

Тоқаев Теңіз елді мекенінде болған жағдайдың қайталануына жол бермеу керек екенін айтты Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік компанияларда жергілікті мамандарға лайықты жалақы төлеу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. “Мен Атырауда жергілікті және шетелдік жұмысшыларға лайықты жалақы төлеп, әділеттілікті сақтауды тапсырдым. Үкіметке осы мәселенің анық-қанығына жетіп, шешуді тапсырамын. Асқар Ұзақбайұлы үкімет басшысы – Sputnik Қазақстан), осы жағдайды егжей-тегжейлі зерттеңіз. Соның ішінде ...

Read More »

Қазақты домбырадан алыс ұстау керек, рухы оянып кетеді

Домбыра күні Ерлан Рысқали ән салып, оған Аида Балаева тамсанған болатын. Ән салу жайында жазылған Ерланның постына Аида ханым пікір қосқан соң біз де бірауыз тіл қаттық. Сосын әлде бір ойдың ұшын шығарып, тігісін кейін жатқызармыз деп едік. Реті келген секілді. Қай заманнан екені белгісіз. Науқаншыл болып алдық қой. Оның кем-кетігін кім білсін, әйтеуір бір нәрсені күні бойы талғажау ететін ...

Read More »

Абайдың оныншы қара сөзі

Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма? Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? ...

Read More »