ҰҚШҰ әскері елден шығарыла бастады

2317
Adyrna.kz Telegram

Бүгін 13 қаңтарда ҰҚШҰ бітімгершілік күші Қазақстаннан шыға бастайды. Олар қорғауға тиісті стратегиялық нысандарды біздің әскерге тапсырылып, он күн ішінде елден шығарылу жоспарланған,деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Қазір елімізде Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армениядан келген 2000-ға жуық әскери қызметкер бар. Олар еліміздегі тіртіпзісдік кезеңінде ұрыс қимылдарына қатыспады. Себебі ҰҚШҰ-ның негізгі міндеті стратегиялық нысандарды қорғау болатын.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы күштерінің уақытша штабы Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағында орналастырылған болатын. Бүгін бітімгерлер әкелген техникаларымен бірге өз елдерінің тұрақты орналасу пунктеріне жіберіледі.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер