Өкімет комиссиясы Маңғыстау облысы Халқының талап- тілектерін орындады

260

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен құрылған Өкімет комиссиясы Маңғыстау облысы Халқының талап- тілектерін орындады.

Өкімет алдында жалпы Қазақстан бойынша халық жаппай тұтынатын тауарларға қымбатшылықты тоқтату, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға нақты қадамдар жасау мәселелері тұр.

Ертең мемлекет басшысы осы өте өзекті, халық үшін жүрекжарды мәселелер бойынша қомақты отырыс өткізеді.

Сол жерде көптеген күрмеулі әлеуметтік-экономикалық проблема шешімін табуы сөзсіз.
Дегенмен, бүгінгі әлеуметтік-экономикалық тығырық үшін Өкіметтің нақты жауап беруі де керек.

Өкіметтің халық алдында, Мемлекет басшысы алдында нақты есеп беретін уақыты келді!
Азаматтардың әлеуметтік әділеттілік мәселесін көтергені заңды.

Тек бұл мәселенің баршасы диалог, зайырлы, салмақты, салиқалы шешілуі абзал.

Ең басты мәселе біздің мемлекеттілігіміздің сақтап қалу, біздің ең басты құндылық Қазақстан мемлекеті екендігін ұмытпаған жөн.
Сондықтан, бүкіл саяси процесс бейбіт жолмен, сындарлы диалог арқылы жүргені абзал.

Әрбір қазақ жалғызым!

Арандауға ұшырап қалмайық, ағайын!

Ерлан САЙЫРОВ

(Жазба Facebook парақшасынан алынды)

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket