Ресей Байқоңырдағы келешегі жоқ нысандарды Қазақстанға береді

2864
Adyrna.kz Telegram

Болашақ перспективасы жоқ нысандар «Байқоңыр» ғарыш айлағында жалға беруден шығарылып, Ресей тарапынан Қазақстанға берілетін болды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

Ресей тарапы «Байқоңыр» ғарыш айлағында жалға беруден шығарылатын 16 нысанның тізімін дайындағаны нақтыланды. Тізімге тек жылжымайтын мүліктер ғана емес, кейбір қалдық құны бар нысандар да кіреді. Қазір тізімге енген нысандарды ресейлік кәсіпорындар тізімінен шығару мәселесін арнайы комиссия пысықтауда.

Ресей келешегі жоқтардың тізіміне енген нысандарды пайдаланбайды, олар үшін жауап берудің мағынасы жоқ, сондықтан олар Қазақстанға беріледі немесе тараптардың келісімі бойынша иеліктен шығарылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Байқоңыр» ғарыш айлағын Қазақстаннан жалға алу туралы келісімге өзгертулер 2021 жылдың жазында енгізілген болатын. Бұрын жалға алу мерзімі 20 жылмен шектелсе, енді ресейлік тарап ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға ала алды.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Франклин опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер