Ауру? Қатты арықтап кеткен Ким Чен Ын сарапшыларды таңдандыруда

2905
Adyrna.kz Telegram

КХДР басшысы Ким Чен Ын көпшілік алдына шығып, Корея жұмысшы партиясының отырысына қатысты. Бұл ретте британдық БАҚ солтүстіккореялық саясаткердің айтарлықтай арықтағанын атап өтті. Бұл туралы Daily Mail мен Daily Star жазды.

Басылым Ким Чен Ынның былтырғы оқиғалардағы суреттерін салыстыра отырып, осындай қорытындыға келген. Британдық БАҚ-тың хабарлауынша, КХДР көшбасшысының салмағы шамамен 20 келіге азайған.

Журналистер бұл басшының салмақ жоғалтуына «салауатты өмір салты, сондай-ақ Ким Чен Ынның шекараның жабылуына байланысты азық-түлік қиындығына тап болған КХДР азаматтарымен ынтымақтасу белгісі ретінде диетаны шектеу туралы шешімі себеп болуы мүмкін» деп болжайды.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер