«Алатау» дәстүрлі өнер театры жылды қорытындылады

3048
Adyrna.kz Telegram

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының 2021 жылы өткізген шаралары мен жеткен жетістіктері төмендегідей (Театр директоры: Ринат Рифхатұлы Заитов):

1. 8 қаңтар: «Ғұрып» этно-композициялық қойылымы
(рухани жаңғыру аясында).
2. 15 қаңтар, 4 ақпан, 18 қараша күндері «Абай-Тоғжан» қойылымы (Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған).
3. 17 қаңтар – Қайратбек Бектұрсын мен Бибигүл Қилымханның шығармашылық кеші.
4. 21 қаңтар – «Атамекен айбыным» қайырымдылық ән кеші (Көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени демалысын ұйымдастыру қызметі).
5. 29 қаңтар – «Ұлы дала әуені» дәстүрлі әншілер кеші.
6. 9 ақпан – "Мұқағалимен сырласу» поэтикалық кеші
(ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай поэтикалық қойылым)
7. 13 ақпан – Жүрсін Ерманның 70 жас мерейтойына арналған «Assyl dombra» 2021 айтыс бәйгесінің тұсаукесері.
8. 14 ақпан – «Алатау алабында» «Алатау» дәстүрлі өнер театрының дәстүрлі әншісі, қазақ өнерінің қайраткері Алма Аманжолованың шығармашылық кеші.
9. 24 ақпан, 16 қараша – Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ақын шығармаларын мәнерлеп оқудан республикалық онлайн байқау.
10. 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Анаға тағзым» атты салтанатты іс-шара.

Ұлыстың ұлы күні Алматы қаласының әкімдігінің және Мәдениет басқармасының қолдауымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының арнайы әзірлеген сауықтық-танымдық бағдарламар топтамасы онлайн ұсынылды.
-20 Наурыз – «Қыдырбектің қызықты күні немесе Алматы Наурызымен танысу» танымдық тележобасы.
-21 Наурыз – «Айтыс түрлері» сауықтық қойылымы.
-22 Наурыз – «Қош келдің Наурыз» атты дәстүрлі музыкалық концерт.

11. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты онлайн байқау (өзге ұлт өкілдерінің қазақ халық әндерін орындаулары бойынша)
Осы күнге орай Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен «Алатау» дәстүрлі өнер театры «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты сазды және сауықтық онлайн іс-шараны өткізді.

12. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр Ұлы жеңіс күніне арнайы ұйымдастырылған онлайн айтыс (Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен)
13. 9 мамыр – Ұлы жеңіс күніне арналған мерекелік концерт (онлайн, Алматы телеарнасымен)
14. 30 мамыр – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Кез болған кер заман» атты музыкалық қойылым-концерт.
15. 29-30 маусым – Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Алатау әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылған «Қымызмұрындық» этно-фестивалі.
16. 5-14 тамыз – «Абай күніне» орай Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй» атты Абай әндерін орындаудан республикалық онлайн байқау.
17. 5-14 тамыз – «Абай күніне» орай Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Абай жолы» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы Абай өлеңдерін оқудан республикалық онлайн байқау.
18. 14 қыркүйек – «Қобыз сарыны» республикалық 18 жасқа дейінгі прима-қобызшылар байқауы.

19. V маусым ашылуы. Премьера. 6, 7, 21, 22 қазан, 8 қараша күндері «Ән-Мұхит» дәстүрлі музыкалық драмасы сахналанды.
20. 9-10 қазан күндері Алматы қаласы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Assyl dombyra ақындар айтысының супер финалы өтті.
21. 26 қазан, 5 қараша, 13 желтоқсан – «Алтыбақан» ойын-сауық ән кеші өтті.
22. 29 қазан – Әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың 70 жылдық мерейтойына арналған еске алу кешi (Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театры мен Семей қаласы әкімдігі бірлесіп
«Сәби болғым келеді» атты ән кешін өткізді).
23. 11 қараша – «Сүлейлердің ізімен» жыр кеші.
24. 14 қараша – Болашаққа хат. Ақын Серік Мақұлбекұлы Қалидың шығармашылық кеші.
25. 25 қараша – Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұлттық өнерімізді таныту, ұлттық бірегейлікті дәріптеу мақсатында 2021 жылдың 25 қараша күні Түркияның Ыстамбұл қаласында Джемал Решит Рей Консер Салонунда «Алтыбақан» ойын-сауық ән кеші өтті.
26. 28 қараша – Этно-фольклорлық ансамбль артисі, виолончелист Бағжан Октябрьдың шығармашылық кеші.
27. 3 желтоқсан – Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған «Азаттық алауы» атты патриоттық әндер кеші.
28. 7 желтоқсан – Актер, режиссер, Қазақстанның Халық артисі Серке Қожамқұловтың 125 жылдық мерейтойына арналған кеш.
29. 9 желтоқсан – «Ұлы дала елі» атты жыр кеші. Кешке еліміздің түкпір-түкпірінен келген дүлдүл жыршылар қатысты.
30. 19 желтоқсан – Аса көрнекті ағартушы-педагог, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Дала қоңырауы» атты салтанатты кеш.

Барлығы: 30 іс-шара (қайталанып ұсынылған шараларды қоспағанда)

2020 ЖЫЛЫ ҚАҢТАР-ЖЕЛТОҚСАН АРАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН ІС-ШАРАЛАР:
Гастрольдік сапарлар, Театрдан тыс шаралар – 5
Театрда өткен іс-шаралар (қойылымдар, концерттер) – 10
Барлығы: 15 шара
2021 ЖЫЛЫ ҚАҢТАР-ЖЕЛТОҚСАН АРАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН ІС-ШАРАЛАР:
Театрда және шетелде өткен іс-шаралар (қойылымдар, концерттер): Барлығы: 30 шара
(қайталанып ұсынылған шараларды қоспағанда)

АТАП ӨТЕРЛІК БАҒЫТТАРЫ:
1) «Алатау серілері» тобы Мәскеу қаласына барып, «Кеш жарық Қазақстан» бағдарламасына қатысты, тамыз
2) «Алатау» ДӨТ Қазақконцерттің ұйымдастыруымен өткен «Сәлем, Елорда!» II республикалық өнер шеруіне қатысты.
3) «Алатау» ДӨТ айтыскер ақыны Нұрзат Қару Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тұғыры биік Туелсіздік» атты республикалық ақындар айтысында бас жүлде алды. Ал «Жамбыл жай атым, халық менің шын атым» республикалық ақындар айтысында Қанат Мырзаханұлы Бас жүлде, Рүстем Қайыртайұлы 1 орынға ие болды, Шұғайып Сезімхан 3 орын алды.
4) Шаттық Уатқан Жамбыл облысында өткен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Шырқа дауысым» X республикалық дәстүрлі әншілер конкурсында бас жүлдені алды, сәуір
5) Алатау дәстүрлі өнер театрында Штаттық кесте кеңейтілді, «Әдебиет бөлімі», дыбыс жазу студиясы, декорация, тігін цехтары қосылды.
6) Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы Оразалы Досбосынов атындағы орталықта Театр ақындары жас ақындарды қолдау мақсатында мастер-класстар өткізді.
Жүрсін Ерман, Шұғайып Сезімхан, Рүстем
Қайыртайұлы, Ақниет Жұбанышев, Нұрзат Қару, Қазірет Бердіхан, Қанат Мырзаханұлы
8) Қазанның 20-30 күндері аралығында Қостанайда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай өткен «Тәуелсіздік, елімнің тұмарысың!» атты республикалық ақындар айтысында Театрымыздың ақыны Шұғайып Сезімхан бас жүлде алды. Ал Рүстем Қайыртайұлы I орынды иеленді.
9) Қазан айында Германияда Франкфурт қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған Қазақ көрмесінде Театрдың әншісі Шаттық Уатқан, Театрдың этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі Тұрсынай Әлібекқызы, виолончелист Бағжан Октябрь өз өнерлерін көрсетті.
10) Жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығы Анкарада аталып өтті. ҚР Түркиядағы Елшілігі және халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бастамасымен Анкара қаласындағы Кечиөрен ауданында ақынның құрметіне орай бірнеше мерекелік шара өтті. Қазақстаннан арнайы барған делегациядан Театрдың әншісі Шаттық Уатқан өз өнерін көрсетті.
11) 9-10 қазан күндері Алматы қаласы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Assyl dombyra ақындар айтысының супер финалы өтті. Ринат Заитов «Асылтас» қоғамдық қорының степендиясын жеңіп алды. Театр ақыны Қазірет Бердіхан I орынды (Асыл домбыра жүлдесі) иеленді.
12) 10 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Алматы –Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты шараға Театрдан өнерпаздар қатысты.

«Алатау» дәстүрлі өнер театры КМҚК-нің Көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени демалысын ұйымдастыру қызметінің қаңтар-желтоқсан айлары аралығында өткізген іс-шаралары

Атқарылған іс-шаралар саны:
2020 жыл бойынша – 36
2021 жыл бойынша – 51 (Өсу 41,7%)

Үйірмелер саны – 10 («Армандастар», «Ата-мұра», «Дос», «Қаламқас», «Шахмат», «Драма», «Би», «Дактилология», «Клоунада»,«Қол қимылымен ән салу»үйірмелері)

2020 жыл.10 үйірмеде қатысушылардың жалпы саны – 79
2021 жыл. 10 үйірмеде қатысушылардың жалпы саны – 82 (Өсу 3, 8 %)

• 27 ақпан – «Мен өмірді сүйемін» Көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың қайырымдылық концерті.
• 31 мамыр мен 1 маусым аралығында Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған өзге ұлт өкілдері арасындағы «Жамбыл жырлары» республикалық байқауында Кристина Крамаренко I орынға ие болды.
• Дойбыдан мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасының мүшесі, «Алатау» дәстүрлі өнер театры Көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени демалысын ұйымдастыру қызметінің студия басшысы Әлім Меңдібаев II орын алды (Болгария)
• «Екі жұлдыз» атты V республикалық фестиваль (мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтті)
• «Onerpaz bolsan» атты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен байқауда «Дарынды қаламгер» номинациясы бойынша Мұсанова Ардақ жүлдемен оралды (Нұр-Сұлтан қаласы)
• 26 қараша –Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында «Мен өмірді сүйемін» қайрымдылық концерті өтті.
• Түркия, Анталья қаласы. Дойбыдан халықаралық турнирде Әлім Меңдібаев 3 орын алды.
• «Тәуелсіздік тұғырым» атты Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған концерт.
• Ғазизхан Ибрайханұлының Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Жасай бер, Менің Қазақстаным» атты шығармашылық кеші өтті.

Мақалалар,
сұхбаттар, тікелей эфирлер бойынша ақпарат төмендегідей:

2020 жылы Онлайн іс-шара – 22
2021 жылы Онлайн іс-шара – 95, өткен жылмен салыстырғанда 331, 8%-ға өсті.

2020 жылы Сұхбаттар – 20
2021 жылы Сұхбаттар – 36, өткен жылмен салыстырғанда 80%-ға өсті.

2020-да Тікелей эфир – 7
2021-де Тікелей эфир – 32 (шетелдерді қосқанда), өткен жылмен салыстырғанда 57,1%-ға өсті.

2021-де Республика деңгейіндегі 5 байқау.

(1) «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты ән байқау;
(2) «Абай жолы» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқау;
(3) «Қобыз сарыны» прима-қобызшылар арасындағы байқау;
(4) Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқау;
(5) 1 мамыр күніне орай өзге ұлт өкілдерінің қазақ әндерін орындаулары бойынша байқау;

2020-да Мақалалар – 30
2021-де Мақалалар – 78, өткен жылмен салыстырғанда 160 %-ға өсті.

(Онлайн форматтағы іс-шаралар бойынша)

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының 2021 жылдың
әлеуметтік желілеріндегі 12 айдағы қаралымы бойынша ақпараты төмендегідей:

1. 2020-YouTube: 300 000
2021-YouTube: 2 775 546 (98 %-ға өсті)

2. 2020-Facebook: орта есеппен 20 000
2021-Facebook: орта есеппен 40 000 (50%-ға өсті)

3. 2020-Instagram: 50 450
2021-Instagram: 180 350 (60%-ға өсті)

4. 2021 жылы іске қосылды: TikTok: 63207

5. 2021 жылы іске қосылды: Telegram Chanel

Барлық әлеуметтік желіні қосқанда:

2020 жылы аудитория қаралымы – 370 450
2021 жылы аудитория қаралымы – 2 895 546 (681,6 %-ға өсті).

 

Қуаныш Жұмабекұлы
«Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің басшысы

Пікірлер