«Astana Qazaqstan Team» командасы Нұрберген Нұрлыхасыммен келісімшартқа отырды

2849
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның 23 жасқа дейінгі велошабандоздар арасындағы топтық жарысының қазіргі чемпионы Нұрберген Нұрлыхасым 2022 жылдан бастап «Astana Qazaqstan Team» командасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл Нұрбергеннің алғашқы кәсіби келісімшарты болып табылады. Қос тарап екі маусымға жарамды келісімшартқа отырған.

 

«Спорттық мансабымда алға үлкен қадам жасағаныма өте қуаныштымын және біраз толқып тұрмын. Әлемдік турға «Astana Qazaqstan Team» командасымен бару – бұл орындалатын арман. Жастар арасында маусымды жақсы өткіздім. Бірақ әлемдік турда мүлде басқа деңгей, басқа дайындық, басқа мақсаттар екенін жақсы түсінемін. Осындай мүмкіндік берген Александр Винокуровқа алғыс білдіремін және маған артылған сенімді ақтау үшін бар күшімді салуға тырысамын. Сонымен қатар алғашқы бапкерім Вячеслав Непомнящихке және Александр Шушемоин басқаратын «Vino – Astana Motors» командасының бапкерлер штабына алғыс айтқым келеді. Ойымның бәрі жаңа маусымда. Маусымды бала кезімнен жанкүйерлік ететін шабандоздардың қасында, ең үздік командада бастауға дайындалып жатырмын. Мансабымның жаңа тарауы басталады. Бірінші оқу-жаттығу жиынында командамен кездесуді асыға күтемін», – деді Нұрберген Нұрлыхасым.

«Астана» кәсіби спорт клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, құрылтайшысы – Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры

Оралбай МЕРГЕНБАЙҰЛЫ

Пікірлер