Өзбекстанның сыртқы қарызы тағы да артты

3646
Adyrna.kz Telegram

2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Өзбекстанның сыртқы қарызы 37,6 млрд долларды құрап, жыл басымен салыстырғанда 11%-ға немесе 3,7 млрд долларға өсті (1 қаңтарда 33,8 млрд доллар). Бұл туралы Өзбекстан Орталық банкінің Өзбекстанның ағымдағы жылдың 9 айындағы төлем балансы мен сыртқы қарызы туралы есебінде айтылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қаржы реттеушісінің мәліметі бойынша, жыл басымен салыстырғанда Өзбекстанның мемлекеттік сыртқы қарызы 7% - ға немесе $1,5 млрд-қа артып, $22,9 млрд құрады. Мемлекеттік емес сыртқы қарыз 18% - ға немесе $2,2 млрд-қа артып, $14,7 млрд-қа жетті.

Есепті кезеңнің соңында елдің шетел валютасындағы активтері $68,3 млрд, ал сыртқы міндеттемелердің көлемі — $51,4 млрд құрады, бұл ретте Өзбекстанның таза инвестициялық позициясы жыл басынан бері 17% - ға немесе $3,4 млрд-қа азайды және ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша $16,9 млрд құрады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер