Ананың сұмдық ерлігі

4319
Adyrna.kz Telegram

Жапониядағы қатты жер сілкінісінен кейін жас әйелдің үйіне жеткен құтқарушылар жарықтың арасынан оның денесін көреді. Ол құдайға табынғандай тізерлеп, еңкейіп отыр екен. Қуыс арқылы қолдарын тығып дененің суып кеткенін байқағасын кідірмей келесі үйге жылжып кетеді. Бірақ сәлден соң құтқарушылардың жетекшісін бірдеме мазалап (интуиция) ол әлгі үйге қайта оралады да, тесікті кеңейтіңкіреп әйелдің жан-жағын қарай бастайды. Бір уақытта оның "Бала!", "Сәби!" деген айқайын естіген команда мүшелері тез келіп, үйіндіні тазалап әйелдің астынан құндақталған шарананы шығарып алады. Шамасы үй құлай бастағанда анасы оны денесімен жапқан болу керек. Нәрестені қолға алған кезде ол әлі тәтті ұйқы құшағында екен.

Келген дәрігер одеялды ашқан кезде арасынан телефон шығады. Экранда "Егер тірі қалсаң сені жанымдай жақсы көргенімді ұмытпа" деген смс хабарлама жазулы тұр екен.

 

Рамазан АЖНИЯЗОВ,

Фейсбук парақшасынан алынды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер