61 жастағы тұрғыннан 1,5 келі марихуана тәркіленді

3090
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/f6328274-7bb5-4da1-8f74-08dfe5435333.jpeg
61 жастағы тұрғыннан 1,5 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Железин ауданы ауылдарының бірінің тұрғынынан есірткі тәркіленді.
– Аталған есірткі ауыл тұрғыны үйінің учаскесінде орналасқан үйде және тұрғын емес құрылыста тінту іс-шараларын жүргізу кезінде алынды. Сараптама қорытындысы бойынша, марихуана есірткі құралының жалпы салмағы 1,5 келіні құрады, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии