Неке келісімшартын жасау қаншалықты маңызды?

2486
Adyrna.kz Telegram

Қазақ қоғамында неке шарты  ұғымы қалыптаспаған. Бізде оны жаман ырым не дүниеге қызығушылыққа балайды. Десе де заңды тұрғыда ерлі-зайыптылардың мүліктік  жағдайы "Неке және отбасы туралы" кодексте арнайы баптарда көрсетілген. Ерлі-зайыптылардың келісімі негізінде мүліктерінің құқықтық жағдайы осы шартта көрсетеді.

Неке шартында нені көрсетуге болады?

-отбасылық шығыстар шығару тәртiбiн айқындауға;

-неке  бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлетiн мүлiктi айқындауға;

-неке шартына ерлi-зайыптылардың мүлiкке қатысты өзге де кез келген ережелердi;

-осы некеден туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік жағдайын енгізуге құқылы.

 Неке шартын қашан жасау керек?

Неке шартын некеге тұрған кезде жасау міндетті емес. Яғни, "Неке және отбасы" кодексінің 40-бабына сәйкес, неке шартын некені тіркеуге өтініш берген күннен бастап некені тіркеу рәсіміне дейін, сондай-ақ, неке кезеңінің кез келген уақытында жасауға болады. Ал шарт қандай жағдайда күшін жояды?

Ал психолог Айгүл Қараман:

Психологиялық тұрғыдан келісімшарт бар жерде махаббат болмайды. Сенім жоғалады. Неке шарты махаббатағы сенімді жояды дейді.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жыл басынан бері тіркелген неке саны бойынша, ажырасу саны бойынша да Алматы  бірінші орында. Заңгер Тілеужан Кішкенебаев ажырасқан кезде мүлік кімге және қандай үлесте тиесілі екені нақты пайыздық көрсеткішпен анықтайтынымен тиімді дейді.

Сұхбаттасқан:

Дүрия ҚЫДЫРБЕКОВА

 

Пікірлер