“Алматы жастары” бағдарламасының шарттары қандай?

2474
Adyrna.kz Telegram

Жастарға баспаналы болуға мемлекет тарапынан жасалған мүмкіндік көп. Солардың бірі жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы. 5 жыл баспананыарзан бағаға жалдау арқылы жастар өз пәтеріне қажеттіақша жинауға мүмкіндік алады.  

Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының бас маманы Елжас Байкен:

Бағдарламаға кім үміткер бола алады?

Бағдарламаға 29 жасқа толмаған ҚР азаматтары үміткербола алады. Жалақысы 40АЕК яғни 116 мың теңгеден аз болмауы тиіс. Алматы қаласында кемі 2 жыл тіркеуде тұруыкерек. Сондай-ақ соңғы 2 жылда сатып алу құқығыменжалға алған тұрғын үйі болмауы керек.

Кімдерге басымдық беріледі?

Өтініштерді қабылдағанда әуелі жас отбасылар мен кәсіпкерлерге басымдық беріледі. Нарыққа аса қажет 100 мамандық тізіміне еңген салада қызмет ететін азаматтардыңда мүмкіндігі жоғары. Одан кейінгі кезекте бюджеттікұйымдардың қызметкерлері тұр.

Тұрғын үй саясаты басқармасының бас маманы ЕлжасБайкеннің айтуынша, 2021 жылы 3479 адам өтініш берген. Қазір қатысушылардың ұпайлары есептеліп жатыр. 16 желтоқсанда жалға берілетін пәтер иелеген тұрғындардың тізімі сайтқа шығады.  

Ұпай қалай есептеледі?

Өтініш берушінің отбасы болған жағдайда - бес балл;

тіркелген некенің әр жылы үшін екі балл;

бір бала болған жағдайда - бір балл,

әрбір келесі бала үшін - екі балл қосылады.  

Кәсіпкерлікпен айналысып жүргеніне бір жыл болса - бес балл, одан кейінгі әр жыл үшін - бір балл.

- әртүрлі қызмет салаларында өтініш берушінің жекежетістіктері болған жағдайда - екі балл;

мемлекеттік мекемелерде еңбек қызметі үшін - бес балл,

әр жыл үшін - бір балл әрі депозиттегі жинақтардың әрбіржылы үшін екі балл беріледі.

Қандай пәтер жалға беріледі?

Аумағы 40-50 шаршы метрге дейінгі 1 бөлмелі пәтер. Жалғаалу құны ай сайын 9 -10мың теңгені құрайды. Аталған тұрғын үй бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасады.

Сұхбаттасқан: 

Дүрия ҚЫДЫРБЕКОВА

Пікірлер