БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: АҚШ пен НАТО-ның үнсіздігі соғыстың басталуын білдіреді ме?

2706
Adyrna.kz Telegram

Ресей мен Украина арасындағы соғыс ықтималдығы мейлінше артып отыр. Ал, АҚШ бастаған НАТО елдері тым-тырыс, соңын аңдып отырған кейіп танытып отыр. Халықаралық саяси сарапшылар бұл үнсіздікті үлкен соғыстың басталуының алғышарттары деп болжайды.
АҚШ пен НАТО елдері Ресейдің бұл ісі халықаралық қауымдастыққа қауіп төндіріп, халықаралық инициативаға қарсы әрекет екенін мәлімдеп, НАТО-ның кезектен тыс төтенше отырысын өткізіп жатыр. АҚШ кеше Ресейге лайықты жауабы берледі деді. НАТО-ның Еуропа және Еуразия континенттері істері бойынша өкілі Карен Донфрид 15 желтоқсан күні Мәскеуге келіп, халықаралық қауымдастыққа қауіп төндірмеуі бойынша кепілдігін алып кетті. Бірақ, Ресей тарапы көп құжаттардағы детальдарды жасырып отыр. Оның ішінде Ресейдің Украинаға басып кірмеуі жайындағы келісімі де айтылған. Украинаның тағдырын АҚШ пен Ресей сырттай шешіп жатқан сияқты.
Ал, АҚШ НАТО-ның территориясы мен ықпал ету аумағын одан ары кеңейте беретінін Ресейге қарата тағы да айтып өтті. Ең қызығы, бұрынғы КСРО құрамындағы елдерді де НАТО құрамына тартатынын атады. НАТО бұрынғы КСРО құрамындағы елдердің көбісі НАТО-ның құрамында емес, олардың территориясына әскери базамыз қойылмаған, сондықтан да Ресейдің алаңдауына негіз жоқ деп отыр.
АҚШ-тың Украинаға заманауи қаруларды жіберіп отырғаны Ресейге қарсы жасалған әрекет деп Мәскеу шайқалып жатыр. Егер де қақтығыс басталып кетсе, Мәскеу тарапы ядролық қаруды қолдануға жол бермеу керек деп қорқынышын білдіріп отыр.
Ресей мен Украина арасында соғыс басталып кетуі мүмкін. Сарапшылардың болжамы осындай.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер