Түркияда алкогольден улану салдарынан 60-тан астам адам қайтыс болды

3785
Adyrna.kz Telegram

Түркияда суррогат алкогольден улану салдарынан 60-тан астам адам қайтыс болды. Соңғы екі аптада Түркияның 17 қаласында контрафактілік алкогольден улану дерегі тіркелген деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Habertürk телеарнасының хабарлауынша, аурудың басым бөлігі Стамбулда тіркелген. Мұнда соңғы 10 күнде 30 адам қайтыс болды. Барлығы кем дегенде 61 адамның қайтыс болғаны белгілі.

Түркияның солтүстігіндегі Орду қаласында осы істерге байланысты бес күдікті ұсталды.

20 желтоқсанда контрабандаға қарсы күрес департаменті "Яд-2" атауымен контрафактілік алкоголь өнімдерін өндірушілер мен сатушыларға қарсы операцияны бастаған. Енді Түркияның 560 елді мекенінде рейд жұмыстары жүргізілуде.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер