2022 жылы Apple 48 мегапиксельді камерасы бар алғашқы смартфонды шығарады. Бұл туралы MacRumors басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Басылым TF International Securities компаниясының белді талдаушысы Минг-Чи Коның баяндамасымен танысып шықты. Деректер, Apple өзінің Тайваньдағы серіктесі Largan Precision компаниясына үлкен тапсырыс жасаған. Мин-Чи Коның айтуынша, тапсырыс өндірушіге нарықтағы үлесін, кірісін және пайдасын арттыруға мүмкіндік береді.
Ко iPhone 14 Pro 48 мегапиксельді объективі бар камерамен шығатынын айтты. Сондай-ақ, телефон 8K рұқсатымен бейне жазуға мүмкіндік береді. Смартфон 2022 жылдың соңына дейін шығып қалуы мүмкін, деді ол.
“Адырна” ұлттық порталы