Қазақстандықтар «икона» ішіндегі Шоқан Уәлихановтың бейнесіне қатты ашулы

3147
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандықтар «икона» ішіндегі Шоқан Уәлихановтың бейнесіне наразы болды. Ғалымның кемпірқосақ галоны бейнеленген ашық хаттағы фотосуреті мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралды. Осындай фотосуреті бар постың астында Telegram-да бірнеше жүздеген ашулы пікірлер жиналды.

ЛГБТ белсендісі Әмір Шайкежанов «ЛГБТ Уәлиханов» суреті қайдан шыққанын және оны кім тарататынын айтты.

– «ЛГБТ Уәлихановтың» суреті осыдан үш жыл бұрын Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский арасындағы жеке хат-хабарларды жариялағаннан кейін пайда болды. Сурет еш жерде қолданылған жоқ. Бірақ жақында біз авторлармен келісіп, оны ашықхат түрінде басып шығардық. Ашықхаттар таратылды немесе сатылды. Қоғамның қажеттіліктері үшін ақша жиналды. Іс-шаралардың бірінде біздің достарымыз осы ашықхаттарды алып, интернетте жариялады. Көп ұзамай сурет танымал болды, – деді ЛГБТ белсендісі.

Кескін сенушілердің сезімдерін қорлай ма деген сұраққа Әмір Шайкежанов «ренжігендер жауапты өздерінен іздеуі керек» деді.

– Сұлулық әркімнің көз алдында, сондықтан егер адам қорлауды көрсе, өзіне сұрақ қоюы керек. Діни бейнелер – бұл мәдени феномен, оған тыйым салуға тырысу – цензура енгізу, ал цензура – ҚР Конституциясына тікелей қайшы келу дегенді білдіреді, – деп жауап берді Әмір Шайкежанов.

Әмір Шайкежанов сурет авторлары қазір шетелде екенін айтты.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер