Қазақстан Ресеймен солтүстік аймағын газдандыруды талқылады

2556
Adyrna.kz Telegram

Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрлері келіссөздер жүргізді. ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде мұнай өнеркәсібі, электр энергетикасы және газ секторы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Тараптар Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыруды, оның ішінде «қажетті қосымша газ көлемі мәселелерін» талқылады.

Газдандыруға қатысты келіссөздер «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ мен «Газпром» ЖАҚ арасында жұмыс тобының аясында жүргізілді.

Ведомстволар «Қазақстанның БЭЖ теңгерімінің және қуат ағынының жоспарланған мәндерден ауытқуы» жағдайын реттеу бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

Сол кездесуде екі елдің премьер-министрлері екі елдің энергетика ведомстволары арасында Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік бағдарында отын ретінде табиғи газ нарығын дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Бұл келісім Қытайдың бастамасымен қолға алынған «Бір белдеу – бір жол» жоспарларының бір бөлігі.

Қараша айында тараптар елдегі тапшылыққа байланысты Қазақстанға электр энергиясын экспорттау мәселесін талқылаған болатын.

Биылғы күздің басынан бері Қазақстанға энергетикалық дағдарыс әсер етті. Жанармайдың барлық түрлерінің бағасы көтерілді, электр энергиясы тапшы болды. Осы мәселелер негізінде Қазақстан Ресеймен солтүстік аймағын газдандыруды талқылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер