Президент ауысады, бірақ Тәуелсіздік мәңгілік болуы керек – Нұрсұлтан Назарбаев

1450
Adyrna.kz Telegram

Президент ауысады, бірақ Тәуелсіздік мәңгілік болуы керек. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында жазды.

«Осыдан екі жарым жыл бұрын елімізде президенттік билік ауысты. Маған: «Ата заңымызда Сізге ешқандай шектеу жоқ. Соңғы сайлауда халықтың 98%-ына жуығының қолдауына ие болдыңыз. Қызметіңізді атқара беріңіз», – деушілер аз болған жоқ. Бірақ әр нәрсе өз ретімен болуы керек. Отыз жылға жуық ел басқарған кезімде мен жаныма қаншама азаматты серік етіп, көптеген шәкірт тәрбиеледім. Солардың ішінде Үкімет басқарған, Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары ретінде жаһандық саясатқа жетіктігін танытқан, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қасымнан табылған нағыз патриот, жоғары білікті кәсіпқой тұлға Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Президенттік қызметке ұсындым. Сайлауда халықтың басым көпшілігі оны қолдады. Президент ауысады, бірақ Тәуелсіздік мәңгілік болуы керек. Әр қазақстандық алдағы уақытта оның тұғырын нықтап, еңсесін тіктеп, абыройын асыруға қызмет етуге тиіс»,- деп жазады Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы осылайша, біз халқымыздың ауызбірлігін, саясаттағы сабақтастығымызды күллі әлем қоғамдастығына тағы бір қырынан таныта білгенімізге назар аудартты.

Пікірлер