Назарбаевтың бейнесі бар 5 мың теңгелік ақша шықты

5244
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Ұлттық Банкі айналымға "TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL" коллекциялық монеталарын шығарады. Номиналдары 5 мың және 500 теңгелік күмістен және номиналы 100 теңгелік мельхиордан жасалған монеталар "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясын жалғастырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Монеталарының дизайны біртуар тарихи тұлғалардың портреттік бейнелері салынған. Онда тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы үлгідегі банкноттарының бірінші сериясымен символдық байланыс көрсетілген. Композиция визуалды портреттік қатарды аяқтап, мемлекет тарихындағы мерейтойлық кезеңді логикалық түрде білдіреді, — делінген хабарламада.

Қазақстан Ұлттық Банкі

925 сынамалы күмістен жасалған 5 мың теңгелік 300 монета, ал 500 теңгелік 3 мың монета жасалды. Сондай-ақ мельхиор қоспасынан жасалған 100 теңгелік 30 мың тиын дайындалған. Олардың барлығы еліміздің аумағында төлем жүргізу үшін жарамды.

Қазақстан Ұлттық Банкі
Естеріңізге сала кетейік,  биыл ұлттық валюта теңгенің айналымға енгеніне 28 жыл толды.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер