Жүкті әйелдің бауырынан ұрық табылды

3524
Adyrna.kz Telegram

Канадалық дәрігер Майкл Нарви ультрадыбыстық сурет арқылы жүкті әйелдегі ұрықтың бауырына біткенін анықтаған. Бұл туралы ол өзінің ТикТок желісінде көрсеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Stan.kz"-ке сілтеме жасап.

Эктопиялық жүктілігі бар әйелдің бауырынан ұрық табылған. Бұл туралы Канадалық дәрігер өзінің Тик Ток желісіне жариялаған. Видеода педиатр Майкл Нарви ультрадыбыстық суреттегі ұрықтың бауырға бекітілгенін көрсетті. Ол суреттің 33 жастағы науқасқа тиесілі екенін түсіндірген.

“Біз нәрестенің іште дамитынын білеміз. Алайда бауырға бітуі бұрын соңды болмаған жайт”,-деді Нарви.

Желідегі бұл видеоролик төрт миллионға жуық қаралым мен жиырма мыңға жуық пікір жинаған. Көпшілік ананың жағдайы мен осы жайтқа байланысты ғылыми түсініктемелер сұраған.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер