Тарихшы Радик Темірғалиев: Кенесары ханның бас сүйегі табылған сияқты

2878
Adyrna.kz Telegram

Белгілі қазақстандық тарихшы Радик Темірғалиев қазақтардың соңғы ханының сүйегі Ресей Федерациясында деп пайымдауға барлық негіз бар деп есептейді. Бұл туралы ол Forbes Kazakhstan-ға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әңгіме барысында Кенесары ханның сүйегі Қазақстанға қайтып келуі мүмкін деген мәселе көтерілді. Тарихшының айтуынша, бұл өте маңызды мәселе.

«Бұл тақырыптың өзектілігі соңғы бір жылда көтеріліп, Елбасының осы мәселеге қатысты үндеуін, Ресей Президентінің өзара уәдесін көрдік. Бұл жайттар жайдан-жай бола бермейді. Шамасы, қалдықтары табылды. Бұл өте күрделі мәселе болғандықтан, әлі жарияланған жоқ. Болашақта ұят, түсінбеушілік болмас үшін барлығын мұқият тексеріп, сараптама жасау керек. Жеке мен үшін бәрі түсінікті, бірақ қайталап айтамын, менде нақты деректер жоқ », - деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер