30 жылда еліміз тұтас ғасырға татитын ұлы жолдан өтті - Елбасы

248

30 жылда еліміз тұтас ғасырға татитын ұлы жолдан өтті. Бұл туралы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«30 жылда еліміз тұтас ғасырға татитын ұлы жолдан өтті. Осы тарихи кезеңдер біз бағындырған белестер Тәуелсіздік дәуірінің белгілері болады. Барлығы түйінделіп келгенде ең басты жетістігіміз – біз Қазақстанды әлем мойындаған мемлекет ретінде қалыптастырып, еңселі елге айналдырдық. Бүгінде жаһан жұртшылығы қазақ жерін бейбіт мекен, қазақ елін мәртебелі мемлекет, сенімді серіктес ретінде таниды.

Мұндай беделге тек рухы мықты, жұдырықтай жұмылған, бірлігі бекем халық қана ие болады. Бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай ынтымағы жарасқан жұртымыздың үлкен-кішісіне сол үшін басымды иіп, алғысымды айтамын», - деді Елбасы. ҚР Тұңғыш Президенті азаттық алудың ауыр жүгін бірге көтеріскен серіктестеріне де арнайы рахмет айтты.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket