Опубликован текст выступления Главы государства на церемонии вручения госнаград по случаю Дня Независимости

644

Опубликован полный текст выступления Главы государства на церемонии вручения государственных наград по случаю Дня Независимости. Об этом передает МИА «Казинформ» со ссылкой на пресс-службу Акорды.

Қадірлі қауым! Ардақты ағайын! Баршаңызды қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ұлт мерейін өсіретін ұлық мейрам. Біз тарих тұрғысынан алғанда қысқа мерзім ішінде жаңа Қазақстанның негізін қаладық. Тұғыры берік, экономикасы қуатты, беделі биік мемлекетке айналдық. Мұның бәрі, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының жемісі. Сонымен бірге, бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі. Кез-келген халықтың табысқа жетуі азаматтарына байланысты.

Бұл – өмірдің заңы. Адам капиталы мықты мемлекет барлық қиындықты еңсере алады. Тәуелсіздік кезеңінде халқымыз елдіктің бірегей үлгісін көрсетті.

«Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы» деп бекер айтылмаған. Шын мәнінде, біздің бүгінгі жетістігіміз – барша халқымыздың ортақ жеңісі. Жаңа Қазақстанды өркендетуге азаматтарымыздың көбі сүбелі үлес қосты. Бүгінгі мерейлі сәтте еліміздің барша азаматтарына табанды еңбегі үшін зор алғыс айтамын.

30-летие Независимости – это значимая веха в истории нашей многовековой государственности, важный рубеж в летописи современного Казахстана. За эти годы наша страна прошла большой путь, отмеченный серьезными достижениями и преодолением сложных вызовов. Подавляющее большинство граждан страны своим созидательным трудом вносит значимый вклад в дело строительства сильного и прогрессивного государства.

Бүгін өздеріңізді марапаттай отырып, Қазақстанды көркейтуге үлес қосқан барлық азаматқа ризашылық білдіреміз. Сіздер нағыз отаншылдықтың, кәсіби білік пен адал еңбектің озық үлгісін көрсеттіңіздер. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді. Осыдан бір жыл бұрын мен үлкен мерейтойды шусыз, даңғазасыз, ысырапсыз, нақты жұмыстармен атап өту қажеттігі туралы айттым. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында жаңа, ауқымды реформалар қолға алынды. Сондықтан, бұл жылды нәтижелі болды деуге толық негіз бар. Біз экономиканы және әлеуметтік саланы жан-жақты жаңғыртып жатырмыз. Індетке қарамастан, мемлекет отандық бизнеске қолдау көрсетуде.

Поступательно развивается промышленность, сельское хозяйство, строительная отрасль, финансовый сектор. В регионах реализуются крупные инфраструктурные проекты. Комплексная трансформация идет в сфере образования и здравоохранения. Государство выполняет свои социальные обязательства, стабильно повышая пенсии, пособия, заработные платы. Большие изменения произошли в системе государственного управления.

Мною утверждены 10 национальных проектов, нацеленных на улучшение качества жизни граждан и усиление конкурентоспособности страны. Қоғамдық-саяси салада елеулі өзгерістер жасалуда. Мен ұсынған саяси реформалар топтамасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Біз Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткіздік. Биыл маусым айында адам құқықтары саласындағы алдағы шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл құжат құқық қорғау саласын кешенді түрде жаңғыртуға бағытталған.

Қоғамдық диалогты біртіндеп дамыту үшін нақты шаралар қолға алынып жатыр. Мұның бәрі азаматтарымыздың шешім қабылдау және мемлекеттік басқару ісіне белсене қатысуына жол ашады. Наша цель – эффективное государство и справедливое общество. Этот стратегический вектор остается неизменным.

Перед нами стоят масштабные задачи по дальнейшему повышению благосостояния народа, укреплению нашей священной Независимости.

Құрметті қауым! Халқымызда «Еңбегіне қарай – құрметі» деген аталы сөз бар. Біз Қазақстанды өркендетуге еңбегі сіңген отандастарымызға жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында құрмет көрсетеміз. Мұндай азаматтар еліміздің әр өңірінде бар. Менің тапсырмаммен Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-министр және Мемлекеттік хатшы аймақтарға барып, халықпен кездесу өткізді. Ерен еңбегімен ерекшеленген азаматтарға жоғары мемлекеттік марапат тапсырды. Осы игі шара Ақордада жалғасуда.

Бүгін бір топ қайраткеріміз менің Жарлығыммен мемлекеттік марапатқа ие болды. Биыл еліміздің ең жоғарғы атағы көрнекті жазушы, драматург Әкім Таразиге берілді.

Ол руханиятымызды дамытуға және қоғамдық келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» атанды. Көрнекті қаламгердің шығармашылық жолы жас ұрпаққа қашанда үлгі-өнеге. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Көпбейінді медицина орталығының» директоры Мұхтар Төлетаев «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» атағына ие болды. Ол басқаратын аурухана ұжымы пандемия басталғаннан бері коронавирус жұқтырған 15 мың адамды емдеп шығарды. Қатерлі ісікке шалдыққан жандарға осы мекемеде былтыр 3 мың ота жасалды, 8 мың адам науқасынан айықты.

Осы орайда, дәрігерлеріміздің еңбегі қандай құрметке де лайық. Звание «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» присваивается генеральному директору ТОО «Казцинк» Александру Хмелеву. Он трудится в этой компании на протяжении почти четверти века, пройдя путь от рядового электромеханика до руководителя. Александр Хмелев внес огромную лепту в модернизацию производства и укрепление промышленного потенциала страны.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket