Түркияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

746
Adyrna.kz Telegram

Түркияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасып жатыр, деп хабарлайды, "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл жолы ішкі Анадолыда орналасқан Токат қаласында «Қожа Ахмет Яссауи жолы мен Нұрсұлтан Назарбаев» атты конференция ұйымдастырылды.

Іс-шараға аталған өлкенің губернаторы Озан Балжы, Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Токат қаласы кеңесінің мүшелері мен тұрғындары қатысты.

Алқалы жиын Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани-Хикмет» шығармасы және оның күллі түркі жұртының мұсылмандық түсінігіне қосқан үлесі қозғалды. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамалары, оның ішінде түркі дүниесі ықпалдастығын дамытудағы рөлі жан-жақты айтылды.

«Қазақстанның тәуелсіздігі бүкіл түркі жұрты үшін маңызды. Өйткені, ол - атажұртымыз. Еуразияның жарқыраған жұлдызы - Қазақстанның қуаты, біздің де қуатымыз. Азаттығы - біздің де азаттығымыз. Әрқашан да солай болсын! Екі ел арасында барлық саладағы ынтымақтастығымыз артып, қазақ-түрік қатынастары төрткүл дүниеге үлгі болсын!», - деді Токат губернаторы Озан Балжы.

 

Пікірлер