Отшашу шашылды: Қазақстандықтар тәуелсіздікті тойлатуда

2557
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс есептеледі.

Tengrinews.kz сайтының мәліметінше, Тәуелсіздік күніне орай көптеген қазақстандық марапатталған болатын.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда отшашу шашылды. Алматыда отшашу 16 желтоқсанда сағат 21.00-да ҚБТУ алаңынан басталады деп жоспарланған.

Кеше, 15 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында ең басты міндетіміз бейбіт өмірді, тыныштық пен тұрақтылықты сақтау екеніне тоқталып, Тәуелсіздік бәрінен қымбат екенін баса айтқан болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Банкі "Тәуелсіз Қазақстанға - 30 жыл “коллекциялық монеталарын” айналымға шығаратынын мәлімдеді.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер