Home » Айдарлар » Ұлттық тәрбие » “Біздегі хиджаб кигендер – адасқандар”

“Біздегі хиджаб кигендер – адасқандар”

Зейнеп апай Ахметова  (“төртаяқты” депутаттың аузын жабатын кісі):

“ХИДЖАП – АРАБТАРДАН КЕЛГЕН ТҰМША.

Олардың өзі мұсылман дінін қабылдағанға дейін хиджап киген. Яғни, ХИДЖАП – ОЛАРДЫҢ тарихи ҰЛТТЫҚ КИІМІ. Даласы – шөл, үнемі құм борап тұратын болғандықтан, олардың әйелдері көздерін ғана қалдырып, тұмшаланып киінетін болған. Ал, оны біз хиджап кимеген мұсылман емес деп, біреудің қаңсығын таңсық көріп жүрміз. Құдай-ау, шашыңды жауып жүргің келсе, неге кимешек кимеске. Қазақ әйелдерінің кимешегіне тең келер киім бар ма?! Ол денсаулыққа да пайдалы болған. Қазір жәдігерге айналған кимешекті алып қараңыз… Алдыңғы өңірі кіндіктен төмен түседі және бірнеше қабат кестеленген.

Яғни, омырауды жауып тұрады, төске суық өткізбейді. Арты үшбұрышталып келеді де, тілерсекке дейін төгіліп тұрады. Белді суықтан қорғайды. Мен жастардың ортасында көп боламын. Атаның аманатын жастарға жеткізгім келеді.

БІЗДЕГІ ХИДЖАП КИГЕНДЕР – АДАСҚАНДАР.

Ал, мұсылмандықтың айғағы – тұмшаланған хиджап, қауғадай сақал емес, жүректегі иман.

БАЛАҒЫН КЕСКЕНДЕРДЕ, САҚАЛЫ ӨСКЕНДЕРДЕ ЕМЕС, АЛЛАНЫ ЖҮРЕГІНЕ ҚОНДЫРҒАНДАРДА ҒАНА ИМАН БАР.

Әлгіндей пиғылдағылардың барлығы – Исламды іштен ірітуді, қазақты қадір-қасиетінен айыруды мақсат еткен дін­сіздердің ағымы. Олар біздің салт-дәс­тү­рімізді арабтарда жоқ дейді де, бар асы­лымызды харам санайды. Мысалы, олар айтады әкеңе ас берме, келіндер сәлем салмасын, өлген адамды сол заматта жерле дейді.

Арабтардың өлген адамды сол заматта жерлейтіні жері ыстық, мәйіт шыдамайды. Ал, біздің дәстүрімізде жан-жақтағы ағайын-туысын күтетін үрдіс бар. Келіп, көңілі суысын, бір уыс топырағын салсын дейді. Сол арқылы әр адам өзінің де ажалды екенін, мынау өмірдің жалған екендігін түйсінеді”.


Сұxбаттасқан: Ерсін МҰСАБЕК

elana.kz

 

11 пікір

  1. Керемет айтылған, дәл сөздер.

  2. Оте дурыс айтасыз,Зейнеп апа,кандай дал айтылган создер,окпен аткандай

  3. Киінген қыздарға осыншама қарсы сөздер тастағанша, жалаңаш казақтың қыздарын өсекке салмайма? Кимешекпен хиджаптың ешқандай айырылмашылығы жоқ қой.араптың ондай киімін ниқоб дейді. Осындай арғысын ойламай жариа сөйлейтін əжейлерге Алла хидаят берсін. Қатты кетсем кеширим сұраймын.

    • Негізі дұрыс айтты! Жалаңаш қыздар дұрыс деп жатқан жоқ қой, ол мәселені де көтеріп жатыр емес пе. Жас қыздар кимешек кимеген қазағымызда, оны тұрмыс құрған, балалы болған келіншектер киген, қазыр не 4-6 жасар қыздарға хиджаб кигізіп қойып, мектепке жибермей, баланың обалына қалып.

  4. Хиджаб жоқ қой Құранда
    Құдайдің сөзін бағамда
    Ондағы – осы кимешек
    Мұны киген апам да
    Бұған қарсы немелер
    Басы , бұты жалаң да
    Індет болса бұл сұмдық
    Хиджаб ки дер надан да
    Қара орыс та қаптаса
    Қазақ қалмас тазаң да

  5. ия дурыс айтады. Ен биринши казаксын, сосын мусылмансын ба, баскасын ба, оз тандауын. Казактын тарбиесин бер балана , болды. Мине онегели, ористи, саналы тарбие. Улт биринши турады баринен, Дин ол сосын ер жете келетин алатын нарсе. Кай казак кызынын басына жаулык тагып еди. журди гой кыздар саукеле, борик, такия киип,Кымтап араптардан корип, ее мусылман болу осы екен гой деп.

    • Мұсылман Қазақ

      О дүниеге барғанда сізден қазақсың ба деп сұрамайды! Мұсылмансың ба деп сұрайды қалқам!

  6. Иə орынды.Хиджап киіп,сақал қойғандарды көрсем ішім жылымайды.

  7. Аллаға қарсы келгендер оңбайды!

    Діннен өте сауатсыз екен! Хиджаб туралы аяттың түсу тарихынан хабарсыз болып отырып елге несіне мәмеле айтып отыр? Ата ата деп қояды, араққа тойып жататын атасын да естігенбіз.

  8. Кимешек киген апа-әжелерімізді адасқан деді-ау, қайран сорлы соқыр болған азамат пен азаматшалар-ай… Хиджаб дегенің кимешектің заманауи үлгісі ғой… Неге кимешек кимеске дейді тағы! Өз сөзіне өзі қайшы сөйлеп… Бесіктен белі шықпаған қыз баласын әжетханаға тастап, көшеде төсі мен етегін ашып жүрген қазақ қыздарын жөнге салмай жатып, ұятын сақтап жүрген момын қыздардың басына әңгіртаяқ ойнатады ғой апа, ата деп сыйлаған үлкендер.. ұятай, масқара, ел ағасы, ел анасы деп қалай айтамыз осыдан соң…

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Шашбау қыздың абыройын шашпау үшін тағылады

Жақында  біз тұрып жатқан үйдің  қарама-қарсысында орналасқан мектептің  қақпасына  қарай шамамен  4-5-сыныптарда   оқитын екі  қыз ...