Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында «Тәуелсіздік ел - тұғыры» атты спорттық ойын өтті

4985
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталық мамандарының ұйымдастыруымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік- ел тұғыры» атты спорттық ойындардан жарыс өтті.
Оңалту орталығының 12-ауысымына келгендерге арнайы ұйымдастырылған бұл шараға қызмет алушылар белсене қатысты. Ән ұранмен рухтанып басталған сайысты орталық басшысы А. Досбаева ашып берген соң іс-шара қызмет алушылар арасынан құралған қарсылас екі «Көк байрақ» және «Елтаңба» топтарына бөлінді. Асық ойыны, қол күрес, мозаика құрастыру, ел тарихына орай викториналық сұрақтар, гантель көтеру, би жарысы кезегімен ойнатылды.
Сайыста орталықтың дәрігері – Ұ.Салыбекова, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Т.Нұрмаханова, кәсіподақ төрайымы Ұ.Медарова командалар ойынына төрелік жасап әділ бағасын берді. Жүлдегерлер орталық басшылығы атынан марапатталды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер