«Тәуелсіздік шежіресі»

2318
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік шежіресі» атты әдеби автобус ұйымдастырды. Әдеби іс-шара Шымкент қалаішілік №27 бағыттағы қоғамдық көлікте өткізілді. Кітапханашылар «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30кітап» бойынша қызықты танымдық деректер беріп, шығармалардан үзінділер оқыды. Әдеби викториналық сұрақтар ойнатылып жеңімпаздарға сыйлық тапсырылды. Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының әншісі Тәттібек Бегалиевтің домбырамен орындаған термелері мен әндері жолаушылар қошеметіне бөленді. Осы орайда бізге мерекелі де берекелі әдеби автобусты ұйымдастырып, жолаушылармен қызықты саяхат жасауға мүмкіндік берген «Т-Bus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нурмухамедов Рахымжан Жолбарысұлына алғысымыз шексіз.
«Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болмайды» -дейді Алаш тұлғасы Мұстафа Шоқай. Ендеше, Тәуелсіздік-ұлттық рухты көтерудің маңызды факторы болары анық.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер