Спорттық спартакиада өтуде

1235
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласындағы спорттық мекмелерде желтоқсан айының 6 мен 16 күндері аралығында спорттың 5 түрінен спартакиада өтуде.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырылап жатқан спорттық сайысқа қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен басқармаға қарасты мекемелердің қызметкерлері қатысуда.

Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілуде. Спорттың кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика және жүзу сынды түрлерінен барлығы 400 ге жуық адам қатысуда.

Спартакиаданың ашылу салтанатында басқарма басшысының орынбасары Е.Дәрменов сөз сөйлеп, соңынан патриоттық әндер орындалды.

Сайыс жеңімпаздары арнайы медальдармен және Алғыс хаттармен марапатталатын болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер