Лукашенко “жаңа Кеңес одағының” құрылатынын меңзеді (ВИДЕО)

3945
Adyrna.kz Telegram

Беларусь президенті Александр Лукашенко Түркияның TRT телерадиокомпаниясына берген сұхбатында екі елдің Ресеймен жаңа бірлестігі Еуроодақтың барлық қателіктерін ескеретінін, сонымен қатар Кеңес Одағының барлық оң жақтарын қалдыратынын айтты,, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Бұл одақ анағұрлым дамыған және тұрақты болады. Біріншіден, біз Еуропалық Одақтың барлық қателіктерін қайталамауды ескеріп, оң тәжірибені пайдаланатын боламыз. Екіншіден, біз біртұтас мемлекет – Кеңес Одағынан шықтық, сонда да көп нәрсені сынап көрдік. Біз советтік өткеннен не қалдыратынымызды және болашақта бізге не пайдалы болмайтынын білеміз… Біз өзімізге 25-ші, 30-шы немесе кез келген жылды белгілемейміз. Біз проблемаларды шеше отырып, кезең-кезеңімен барамыз, - деді Беларусь басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин ол үшін КСРО-ның күйреуі қайғылы жағдайға және "тарихи Ресейдің құлдырауына" айналғанын айтқан болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер