«ЖҮРЕКТЕН - ЖҮРЕККЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАЛАЛАРДЫҢ САНАСЫНА МЕЙІРІМДІЛІК ҰҒЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

2308
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/4dd7665b-692a-4c45-8414-354303441a4b.jpeg
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шымкент қаласының гипербариялық оттектеу орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетова әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізді. Мерекелік дастарханға үй жағдайында білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалармен қоса, ата-аналар да қонақ болды. Сондай-ақ, медицина қызметкерлері жеткіншектерге мерекелік дастархан жайып, ата-аналарына азық-түлік себеттерін таратты. -Балаларымызға қамқорлық көрсетіп, олардың бойына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастырғымыз келді. Жеткіншектерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулуға үлес қосуды мақсат тұттық,- дейді Мадина Ермағанбетова. Жалпы қайырымдылық шарасына 100-ге жуық бала қатысты. Олардың барлығына түрлі сыйлықтар тарту етілді. Кеш барысында балалар театр қойылымдарын тамашалап, би билеп, ән айтты.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Комментарии