Назарбаев КСРО-ның ыдырауы жайлы: "Осылайша біз бүлікті көрдік"

3316
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев КСРО-ның ыдырауына әкелген себептерді айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новостиге" сілтеме жаап.

Елбасының айтуынша, социалистік экономика тоталитарлық, әкімшілік ресурстарынан асып кетті.

"Экономикалық блок басшылығы мұны дер кезінде байқап, экономиканы басқаруға өзгерістер енгізуі керек еді", - деді саясаткер "Россия 24" арнасының эфирінде.

Сондай-ақ Назарбаев сол кездегі элитаның саяси ерік-жігерінің де жетіспегенін атап өтті. Экономикадағы өзгерістер тәртіп пен дұрыс бағдарда жүзеге асуы керек еді.

Экс-президент экономикасын қалпына келтіре алған Қытайды мысалға келтірді. Сондай-ақ Назарбаев 1990 жылы 12 маусымда РСФСР-дің тәуелсіздігін жариялауы қалған республикаларға белгі болғанын жеткізді.

"Біз соққыға осылай жақындадық", - деді ол.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев америкалық кинорежиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында Қазақстанның 2014 жылы Қырымды неге мойындамағанын айтқан болатын. Оның айтуынша, ол кезде Осетияны, Абхазияны, Косовоны мойындауы керек еді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер