Екі қызды өлтірген қылмыскер 24 жылдан кейін ұсталды

2378
Adyrna.kz Telegram

Осыдан 24 жыл бұрын Омбыда жасалған қос кісі өліміне күдікті қазақстандық Павлодарда ұсталды. Осы уақыт ішінде ер адам мемлекетаралық іздеуде болған, деп хабарлайды "дырна" ұлттық порталы "Stan.kz-ке" сілтеме жасап.

Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Масимовтың айтуынша, ұсталған адамды бағдар бойынша өңірдегі ПД көші-қон қызметінің қызметкері анықтаған.

"Ресей Федерациясының аумағында апалы-сіңлі қыздарды өлтірді деген күдікпен 54 жастағы Қазақстан азаматының азаматтығын анықтау кезінде құжаттарды қабылдау арысында полиция қызметкері анықтады", – деді Мәсімов.

Полицейдің мәліметінше, ұсталған адам 1997 жылы наурызда Омбыда екі кісіні өлтірген. Тергеу мәліметтері бойынша, ауызша жанжал кезінде ер адам 25 жастағы қыздың басына аңшы мылтығынан оқ атып, 22 жастағы сіңлісін пышақтаған. Алған жарақаттарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды.

“Алған жарақаттарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Күдікті мас күйде болған. Осы ауыр қылмыс жасалғаннан кейін ер адам тергеу органдарынан жасырынып, мемлекетаралық іздеу жарияланды”, – деп түсіндірді ПД көші-қон қызметінің қызметкері.

Айта кетейік, Павлодарда "Мигрант" операциясы жүріп жатыр, оның барысында 430 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылық үшін 21 шетелдік сот шешімімен елден шығарылды. 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер