Н.Назарбаев: Парламент пен үкімет тек мемлекеттік тілде жұмыс істеуі керек

2538
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаевпен кездесу барысында Мемлекет басшысына «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында айтылған міндеттердің орындалуы жайлы есеп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев осы үдерісте инновацияларды және жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ «Қазақстанның 100 Жаңа тұлғасы» жобасына қатысушылардың шығармашылық әлеуетін пайдалану бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевпен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін латын графигіне көшіру мәселесіне тоқталды және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жөніндегі шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Латын әліпбиіне көшу үдерісі біздің халқымыз үшін тарихи мәні зор. Сондықтан қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін жұмысты жалғастыру керек. Парламент пен үкімет тек мемлекеттік тілде жұмыс істеуі керек. Сонымен қатар азаматтардың осы мәселедегі құқықтары бұзылмауы керек», — деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті латын графигіне кезең-кезеңмен көшудің маңыздылығын атап өте отырып, қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселесін мұқият зерделеуді тапсырды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және отандық БАҚ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелеріне назар аударды.

Мемлекет басшысы отандық телеарналардың сериялық өндірісінің сапасын арттыру қажеттігін атап өтті, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының жастарды патриоттық тәрбиелеудегі маңызды мән беруін нықтап тапсырды.

Кездесу барысында Дәурен Абаев Қазақстан Президентіне «Сандық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндап, оның басым бағыттарын нақтылау бойынша шаралар жүргізліп жатқанын мәлімдеді.


adyrna.kz

Пікірлер