Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алып жатқан жерінен ұсталды

2124
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысында екі шенеунікті парамен ұстады, деп хабарлады Ербол Еділов.

Ербол Еділов инсайдерлік ақпаратты өзінің Telegram арнасында жариялады.

– Кейбір мәліметтерге сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевті 4,5 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстады. Бұл Абай ескерткішін орнату бойынша 150 миллион теңгеге тендерден қалған қаражат, дейді дереккөздер, – деді Еділов.

Елордадан Атырауға арнайы келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бір топ қызметкері осы іспен айналысқан, деп хабарлайды «Ақ Жайық».

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер