«Коронавирусқа сенгендері үшін өлтірдім»: Мәскеулік қылмыскер мәлімдеме жасады

4078
Adyrna.kz Telegram

«Рязань» МФО-да оқ атқан бұрынғы әскери Сергей Глазов өзінің әрекетін түсіндірді. Бұл туралы бүгін, 9 желтоқсанда РИА Новости жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

45 жастағы атқыштың айтуынша, ол өткен жылы «жалған коронавирус инфекциясынан туындаған қылмыстық қоғамнан» қорғау үшін қуыс тапаншадан әскери қару жасаған.

Неліктен келушілерге оқ атқанын сұрағанда, олар «коронавирусқа сенеді» деп жауап берді.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Глазов Склифосовский атындағы ғылыми-зерттеу институтында сот-психиатриялық сараптамадан өтеді.

EADaily хабарлағандай, 7 желтоқсанда бұрынғы әскери қызметкер Мәскеудің оңтүстік-шығысындағы МФО ғимаратына кіріп, бетперде киюден бас тартып, есіктен оқ жаудырған. Атыс салдарынан МФО қызметкері Владимир Шемнев пен күзетші Алексей Рузлев оқиға орнында қаза тапты. Тағы төрт адам жарақат алды, оның ішінде 10 жасар бала да бар.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер