Әйтенов тергеу кезінде көз жұмған ер адамға қатысты пікір білдірді

2525
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/izobrazhenie_2021-11-22_162027-960x500.png?token=aa47c79d934308202a1319e441c702db
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов полиция департаменті ғимаратында жауап алу кезінде көз жұмған ер адамның өліміне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "aikyn.kz"-ке сілтеме жасап.  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Шымкент әкімінен оқиғаның мән-жайы туралы сұрады.
"Өкінішке қарай, осындай факт тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ішкі істер министрлігі арнайы комиссия жіберді. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бүгін мәйітті сойып тексереді. Оның өліміне не себеп болғаны тергеу қорытындысы бойынша анықталады", – деді М.Әйтенов.
Әкімінің айтуынша, тергеуге жеткізілген адам жауап алу кезінде өзін нашар сезінген. Қызметкерлер бірден жедел жәрдем шақырған, бірақ ол дәрігерлер келгенше қайтыс болған.  

"Адырна" ұлттық порталы

   
Комментарии