«Елімнің бақытын тербеткен...»

3802
Adyrna.kz Telegram

Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығы! Осыған орай, №153 бөбекжай балабақшасы көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. КМҚК «№153 бөбекжай балабақша» меңгерушісі Нурмаханбетова Алина Курманбековнаның бұл тарапта үлкен жұмыстар атқаруда. 

Тұңғыш президент күніне ересек топтарда «Елбасы - ел мақтанышы» атты тақырыптық ашық оқу қызметтерін Сейсенбекова Айгерім мен Керимбекова Улболсын өткізді.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тапқырыптық ертеңгіліктер мектепалды топтарында Бабылова Гүлмира мен Бирталаева Қарлығаш жүргізді. Музыка жетекшісі Әділжан Алмагүлдің ұйымдастырумен бүлдіршіндеріміз "Батырлар" биін билеп «Тәуелсіз елдің ұланы» әнін шырқады.

Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер арасында  ұйымдастырылған «Тәуелсіздік және Елбасы» мәнерлеп оқудан  Сейтхан Асылай «Тәуелсіздік деген не?»,  Базарханов Алмат «Тәуелсіздік алған күн» тақпақтарын нақышына келтіре жатқа оқыды.

Ата-аналармен балалардың шығармашылық жұмыстарынан «Тәуелсіздік - Мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Ақан Батыр, Сейтхан Асылай, Рауанұлы Марлен, Жапсарбай Ерасыл,  Асқарбек Азірет Әлі, Якоблев Ильяс, Тәнірберген Әлтайыр, Оразалі Мұстафа, Зейнулла Ажар, Мейірхан Айқын, Ерлан Ясина, Сарыбай Аянат, Өтебек Жансая, Досқали Дәулет, Маханбеттилла Гүлім, Солтанбек Алимжан, Асқарбек Алихан, Разизбекқызы Адия, Саят Амина, Дудов Ярослав бүлдіршіндеріміз көрмеге белсене қатыстып қойылған жұмыстар жоғары бағаланды.

 

    Алжекеева Марзия Ильясовна,

«№153бөбекжай балабақша» әдіскері 

Пікірлер