Home » Жаңалықтар » “Жұлдызды гид — 2018”

“Жұлдызды гид — 2018”

2018 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілердің күніне орай «Жұлдызды гид» шоу-жобасы өтті.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған  Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Леонид Кочетов «Ұлттық музей бүгінгі күні еліміздің тамыры тереңде жатқан тарихы мен мәдениетін қалың қауымға паш ететін ірі мәдени ошаққа айналды. Есігін ашқан күннен-ақ ұлттық тарих пен ұлттық құндылықтарды насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізуде маңызды қызмет атқарып келеді. Бүгінгі жоба да соның айқын дәлелі. Үшінші рет ұйымдастырылып отырған «Жұлдызды гид» жобасының басты мақсаты – көпшіліктің назарын мыңдаған жылдық тарихымыз бен мәдениетімізге аудару. Бұл іс-шараның бүгін – Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілер күні мерекесін орай өткізіліп отырғаны да кездейсоқ емес» – деп, жобаның маңыздылығына тоқталып өтті.

«Жұлдызды гид» жобасына ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – Айгүл Иманбаева, Айгүл Қосанова, Ардақ Балажанова, Жеңіс Ысқақова, әнші Дос, театр және кино әртістері – Дәурен Серғазин мен Нұркен Өтеуілов қатысты.

№1 Алтын залын – Айгүл Иманбаева, №2 Алтын залын – Айгүл Қосанова, Ежелгі және орта ғасырлар тарихи залын –  Ардақ Балажанова, Астана залын – Жеңіс Ысқақова, Этнография залын – Нұркен Өтеуіловты және Тәуелсіз Қазақстан залын – әнші Дос келушілерге таныстырып, қызықты экскурсия жүргізді.

Жоба барысында қатысушылар музейге келушілерді еліміздің тарихы, мәдениеті және дәстүрімен таныстырды, ал келушілер танымал өнер қайраткерлерін жаңа қырынан көруге мүмкіндік алды.

«Жұлдызды гид» жобасы жыл сайын 21 ақпанда аталып өтілетін Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілер күніне орайластырылған. Экскурсия жүргізушілердің кәсіптік мерекесі әлемнің түкпір-түкпірінде аталып өтіледі, әсіресе ірі қалалар – туристік орталықтарда аталған мереке өте танымал. Өздерінің кәсіптік мерекесін алғаш рет 1990 жылы Лондон қаласының экскурсия жүргізушілері атап өткен болатын. Бұл күнді атап өту бастамасын Экскурсия жүргізушілер ассоциацияларының халықаралық федерациясы ұсынған.

«Жұлдызды гид» шоу-жобасы Ұлттық музейде биыл үшінші рет өткізілді. Осыған дейін жобаға Алтынай Жорабаева, Қарақат Әбілдина, Маржан Арапбаева, Қалқаман Сарин, Әділ Ахметов қатарлы өнер майталмандары қатысқан болатын.


nationalmuseum.kz

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Тоқаев Жапонияның премьер-министріне көңіл айтты

Қазақстан Президенті Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады.  Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және ...