Ресейлік азамат 9 жыл бойы елімізден заңсыз зейнетақы алып келген

2125
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/a379a39f-243d-4ef7-8435-d9269835667f.jpeg
Шығыс Қазақстан облысында 9 жыл бойы заңсыз зейнетақы алып келген ресейлік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Мигрант» жедел-алдын алу шарасы барысында қос азаматтық фактілерін анықтауда.
«Мәселен, 2006 жылы Ресей Федерациясы Алтай өлкесінде сол елдің азаматтығын алған ер адам тіркелді. Ол соған қарамастан 9 жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында зейнетақы алып келген. Аталған факті бойынша оған ҚР ӘҚБК-нің 496-бабына сәйкес 100 АЕК сомасында айыппұл салынды», -деді облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии