Шымкент қаласы Коронавируспен күрес және алдын алу жөніндегі штабының кезекті отырысы өтті

728
Adyrna.kz Telegram
Шымкент қаласы Коронавируспен күрес және алдын алу жөніндегі штабының кезекті отырысы өтті.
Бүгінгі басты жаңалық - бұл Шымкент қаласы “сары аймаққа” өтті. Соңғы апталарда қаладағы эпидахуал тұрақталып келеді. Алайда босаңсуға әлі болмайды. Кеше 105 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Сақ жүрейік.
Қаламыздағы инфекциялық ауруханаларда 777 науқас емделіп жатыр, оның ішінде 151 науқас жансақтау бөлімдерінде емделіп жатыр. Тез айығып кетсін деп тілейміз әрі дәрігерлеріміз науқастардың жазылып кетуі үшін аянбай еңбектеніп жатыр.
Вакцинация бойынша, Шымкентте 475 мың адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды (салдыратын контингенттің 89%), ал екінші компонентін салдырғандар саны 396 мың адам немесе (73,8%).
Пікірлер