Шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» «Барселонамен» күш сынасады

1186
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/75296a03-3b0e-478e-a535-c6bfd098699b-960x500.jpeg?token=f98d085f1dfe1bec34351ffc9d865b4f
Бүгін, 12 қыркүйекте, футболдан әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/16 кезеңі өтеді. Шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» командасы мен испаниялық «Барселона» командалары арасындағы ойын Шымкент қаласындағы «Намыс» стадионында (БИІК-Тассай) болады. Матч 17:00-де басталады. Еске сала кетсек, 2015/2016 жылғы маусымда да шымкенттік арулардың каталондық футболшылармен жолдары түйіскен болатын. Шымкентте өткен алғашқы матчта командалар 1:1 есебімен тең түссе, Испаниядағы қарымта кездесуде «Барселона» 4:1 есебімен басымдық танытқан еді. Бұл жолы қалай болар екен? Келіңіздер! Барлығымыз өз командамызға жанкүйер болайық! Кіру ақысыз.
Комментарии