Ералы Тоғжан Шымкент қалалық медициналық мекемелерге ат басын бұрды

896
Adyrna.kz Telegram

Қаланың медициналық мекемелері ұжымдарымен кездесу барысында Е. Тоғжанов мемлекеттің қаржылық қолдауының арқасында медициналық мекемелер азаматтарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

«Низамхан» жеке мектебін аралау барысында Ералы Тоғжанов Шымкент қаласындағы жеке мектептер желісін дамыту бойынша жұмысқа оң баға беріп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттігін жеткізді.

Президент өз Жолдауында елдегі биологиялық қауіпсіздікті және нарықты отандық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді тапсырды. «Химфарм» АҚ, «KazMedPribor» ЖШС-ін аралау барысында мемлекеттік органдарға отандық өндірушілерге қолдау көрсету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сапар соңында вице-премьер Е.Тоғжанов қала басшылығына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер