ШЫМКЕНТТЕ СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ВАКЦИНАЛАНДЫ

716
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте 8 қыркүйек күні КВИ-дің 150 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 116, белгілері жоқ – 34). 86 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 64 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 500 орын бар, төсек орын толымдығы 40%-ды құрайды, 1476 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1024 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 446 төсек орын бар, 194 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 4698 адам вакцина алды

(I компонент-2624, II компонент-2074). Егу науқаны басталғалы барлығы 449 073 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 379 639 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ соңғы тәулікте 358 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 5 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Вакцина қабылдап, өміріңізді сақтаңыз. Екпе алу – қалыпты өмірге қайта оралудың жалғыз жолы.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер