Бүгін Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – «Жұлдызды 30 күн» жобасы аясында «Тәуелсіздік және ұлттық рух» атты ашық есік күні өтті. Мерекелік іс-шараға арнайы көрме ұйымдастырылып, мерекеге сай безендендірулер жүргізілді. Іс – шараға арнайы зиялы қауым өкілдері Б. Тіленшина, С.Олжабай, А.Бейбітбек, А.Мұратәлиева қатысып, Тәуелсіздік туралы өз ой-толғаныстарымен бөлісті.Сондай-ақ «Парасат», «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжі,Ө.Жолдасбеков атындағы №9 лицей, Ақпан батыр атындағы №10 мектеп оқушылары және «Алтын дән» балабақша бүлдіршіндері кешті жандандырып, Тәуелсіздікке жыр-шашуларын тарту етті.
Кеш тізгінін ұстаған кітапханашы Қ.Елекееваның жан тебірентерлік әндері, қос бүлдіршін Ермаханбет Нұрайлым мен Інжудің, «Алтын ғасыр» дуэті,М.Жаңбыровтың саксафондағы әуендері кеш қонақтарына керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Кешті қорытындылаған кітапхана директоры Раушан Бабажанқызы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, белсенді ұстаздар мен оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткеніндей «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!».
«Жұлдызды 30 күн»
06.12.2021
2463
Пікірлер
Басқа материалдар
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз