Шымкент - Республиканың ең ірі өнеркәсіптік және сауда орталықтарының бірі

2004
Adyrna.kz Telegram

Біздің басты мақсатымыз – қаланы өмір сүруге қолайлы етіп, кәсіп ашуға ыңғайлы жағдай жасау. Мұндай жетістікке жету үшін, біз инвестициялық қоғамдастықтармен бірлесе жұмыс істеуді жалғастыра бермекпіз. Екіжақты біріккен жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан мен Литва арасында бизнес жобалар сәтті іске асарына сенімдімін.

Кездесу барысында литвалық компанияларды туризм, транспорт және логистика, ақпараттық технологиялар және машина құрастыру сынды салаларға инвестиция салуға шақырдым.

Бүгінде Шымкент қаласының инвесторлары үшін ұзақ жылға жалға алу үшін жер тегін беріледі. Сондай-ақ, дайын инфрақұрылым мен коммуналдық қызметтер үшін ең төменгі тарифтер ұсынылған.

Жалпы, Литва Республикасы Қазақстанның ең ірі 10 сауда серіктестерінің қатарына енген. Ал, Қазақстан Литваның ең ірі 15 сауда серіктестерінің тізімінде.
Жалпы, Қазақстан мен Литва арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас ең алғаш 1992 жылдың 15 маусымында орнаған.

Пікірлер