Әл-Фараби ауданында жарықтаныдру жұмыстары жүргізілуде

2774
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/5bae0382-9c31-46a3-8e9c-01092f596379.jpeg
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында тұрғындарды ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7 пайызды құрады Аудан аумағында 404 көшенің 103-і толық жарықпен қамтылса, 301 көше жарықтандыруды қажет етеді. Сондай-ақ, 400 ауланың 393-і жарықтандырылса, 7 аула жарықтандыруды қажет етеді. Биылғы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына сәйкес ауданда Жабай ата көшесі, Жұлдыз көшесі, Тәжібай ата көшесі, Баянауыл көшесі, Көктөбе көшесі, Дәулетұлы көшесі, Ақжайық шағынауданындағы Ақжелең көшесі, Жабаев көшесі жарықтандырылды. Нәтижесінде жыл соңында Әл-фараби ауданындағы жарықтандырылған көшелер 31,9% құрайтын болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Комментарии